Балықшылар маңғыстау облысының Баутино және Аташ кенттерінде жағалаудан 160 өлі суқұзғын тапқан деп хабарлады turkystan.kz Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Тұрғанбай Шапағатов мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандар суқұзғындардан адам әрекеттерінің белгілерін таппаған. «Құстар Қызыл кітапқа енбеген. Адамдардың бұған қатысы жоқ, олардың қырылуы экологиямен байланысты болуы мүмкін. Экология мамандары …