Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Антикор мәліметінше, жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы әшкереленді.