Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлағандай, жүргізілген талдау нәтижесінде Маңғыстау облысының мектептерінде жалған дипломды пайдаланудың 9 дерегі анықталды. Нақты айтқанда: Аққұдыс орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған дипломмен ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша (жалған құжат пайдалану) жауапқа тартылды. Қарақия аудандық сотының шешімімен мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ақтау қаласындағы 2 мектепте анықталған (қазақ