Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Маңғыстаудағы мәселені көтерді. Соңғы жылдары еліміздің батыс өңірлерінде мұнай-газ кәсіпорындарында қызмет көрсететін сервистік компаниялар жұмысшыларының ереуілдері жиі болып жатыр. Күні кеше бір топ маңғыстаулық мұнайшылар өңірде өз мәселелелері шешілмегесін Астанаға келді. Өткен жылы да осындай оқиға бас қаламызда орын алған болатын. Сонымен қатар, кешегі сайлауалды үгіт-насихат кезінде бірнеше сервистік компаниялар «Самұрық-Қазына»