Маңғыстауда жол бермегені үшін ашуға булыққан көлік жүргізушілері бір-бірімен жанжалдасып, артынша бірі екіншісін ұрып өлтірген деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 22 шілдеде сағат 20:15 шамасында Мұнайлы ауданының Жаңа Дәулет кентінде болған. Маңғыстаудағы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 35 жастағы күдікті 67 жастағы ер адамды дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен. «Алдын ала болжам бойынша, …