Маңғыстау облысында вахталық автобус жолдан өтіп бара жатқан жұмысшыны қағып, салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы бұл жағдайды растады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қайғылы оқиға 6 қараша күні сағат 11:30 шамасында Ақтау-Қаламқас тасжолының 170-171-шақырымында болған. Қаражанбас кен орнына бағыт алған Daewoo маркалы вахталық автобус жолдан өтіп бара жатқан «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының қызметкерін қағып кеткен. …