Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиевтың айтуынша, 2021 жылы өңірге 29 мың шетелдік келсе, былтыр бұл көрсеткіш сәйкес кезеңмен салыстырғанда 41 мыңға дейін өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz. Облыстың оңтүстік әрі солтүстігінде туристер ерекше қызығушылық танытатын 200-ге жуық тарихи-мәдени орын бар. Саяхатшылар көбіне түбектің оңтүстік беткейіндегі «Бекет ата» жерасты медресе-мешіті мен «Бозжыра» шатқалына баруды жөн санайды. Өңірде