Пальмалардың көбі қурап кеткен, су тапшылығынан топырақ жарылуда, деп хабарлайды «Хабар 24». 20 мыңнан аса адам өзге өңірлерге көшуге мәжбүр. Қалған тұрғындар туризмнен табыс көріп жүр. Мароккодағы оазистер ел ауданының 15 процентін алып жатыр. Топырағы құнарлы болған жасыл алқаптарда бадам, зәйтүн, қына және құрма өсіріліп, өзге елдерге экспорттайтын. Сарапшылар оазистердің қурауы климаттың өзгеруімен байланысты дейді.