Журналист Асхат Ниязов Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Наурыз мерекесіне қымбат көліктермен келгенін сынады. Жарияланған видеодан облыс әкімі кортежінің құрамында Maybach және Chevrolet Tahoe маркалы көліктері бар екенін көруге болады. «Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Наурыз мерекесіне орай Шиелі ауданына барды. Әрине, қасында қымбат көліктермен және үлкен кортежбен келді. Maybach пен Chevrolet Tahoe сынды көліктер тек облыс әкімі келгенде ғана көрінеді. Әкім өзінің көлігінің есігін де өзі ашпайтыны белгілі», — деп жазды ол. Сонымен қатар, журналист әкімдердің тек отандық өндірістегі көліктерді сатып алуы міндетті екендігін еске сала отырып, қазіргі таңда бұл ереженің күшін жойғанын сұрады. «Менің ойымдағы сұрақ басқа: […]The post «Maybach-ты халық облыс әкімі келгенде ғана көреді»: Журналист Нұрлыбек Нәлібаевтың кортежін сынады (ВИДЕО) appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

«Maybach-ты халық облыс әкімі келгенде ғана көреді»: Журналист Нұрлыбек Нәлібаевтың кортежін сынады (ВИДЕО)
