Алматыда McDonald’s франшизасына тиесілі болған мейрамханалар атаусыз ашылды. Мейрамхана маңдайшасында «Біз ашылдық» деп жазылған. Tengrinews сайтының мәліметінше, қазіргі мейрамхана іші мен ас мәзірінде бұрынғыдан айырмашылық аса көп емес. Тағам дәмдері де сол күйі. Тек McDonald’s брендін сипаттайтын белгілер алынған. Болашақта мейрамханалардың қалай аталатыны әзірге белгісіз.