Медеу мұз айдыны таныстыруды қажет етпейтін танымал нысан. Алматыға ат басын бұрған әрбір туристоны көруге асығады. Сондай-ақ мұз айдынының автотұрағынан көптеген танымал бағыттар басталады: Фурманов шыңына немесе Бутаков сарқырамасына, бөгет пен жылы сулардың бұлақ көздеріне серуендеуге болады.Бірақ,бұл маңайда көпшілік біле бермейтін тағы бір нысан бар – жерасты православие ғибадатханасы. Ғибадатхана өткен ғасырдың басында пайда болған.