Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан қызметкер Арслан Құрманбековтің мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) – шамамен 13 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетінін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Арслан Құрманбеков Алматы қаласындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өртті сөндіру кезінде қаза тапты. Қайғылы оқиға 8 мамырда болды. Тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде