Астана медицина университетінің экс-проректоры М.Дәулетьярова пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М.Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. «Ол жеке компаниялардың басшысы Э.Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, …