Қызылорда облысында 8 мектептің директоры мен есепшілері ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырып келген. Заңбұзушылық деректердің алтауы Жаңақорған ауданында тіркеліп отыр. Жауапты тұлғалар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға еңбекақы аударып, құжат бойынша бұрмалап келген. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №112 мектептің күзетшісіне 1 айда 6 миллион теңге үстемақы төленгені әшкере болды. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен