Мектеп дәретханасынан Елтаңба бейнеленген жәшік табылғаны үшін. Түркістан облысы Төлеби ауданындағы мектептердің бірінің дәретханасына мемлекеттік Елтаңба жабыстырылған жәшік қойылғаны жөнінде телеграмм каналдардың бірінде ақпарат тараған еді. Ақпарат әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықталған. Елтаңба жабыстырылған жәшік Сұлтанрабат ауданындағы Жыланбұзған жалпы орта мектебінің дәретханасына қойылыпты. Осындай әрекеті үшін мектеп басшылығы жауапқа тартылатын болды. Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын