Бүгінде әлеуметтік желілердің күшін пайдаланып, халықтан мешіт құрылысына ақша жинайтын блогерлер мен өнер иелерінің қарасы көбейген. Әрине, адам ақшасын қайда құямын десе де өз еркі. Алайда, өңірлерде мектеп жетіспей, балалар үш ауысыммен оқып жатқанда мектеп құрылысы мешіттен де өзекті болып тұрғаны айдан анық. Бұл әсіресе биыл жазда елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылуы кезінде