Биыл 2165 орта білім беру ұйымдары кітапханашылары біліктілігін арттырады. Қазақстанда мектеп кітапханашыларына мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында олардың «Педагог» лауазымына теңестіру мәселесі қаралады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. Қазіргі таңда «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» қаулысында «Педагог-кітапханашы» лауазымы