Оқу-ағарту министрлігінің Youtube-тағы «Желіге шолу» айдарында министрлік өкілдері көптің сұрақтарына жауап береді. Айдардың осы жолғы санында мектепті жөндеуге ақша жинау мәселесі қозғалды деп хабарлады turkystan.kz. Осы жолы бір оқырман: «Мектебіміз ремонтқа ақша жинап жатыр. Қаншалықты дұрыс?» деп сұрақ қойыпты. Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова жауап берді. …