Фото: freepik.com Түркістан облысында сабақ кезінде оқушылардың карта ойнауына байланысты мектеп басшылығы түгелге жуық жауапқа тартылып, бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен кетті, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. Оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода 11-сынып оқушылары сабақ үстінде карта ойнап отырғаны көрінеді. Сол сәтте сыныптағы бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі жағдайға...