Білім министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, 20 желтоқсаннан бастап оқушылар үйінен тамақ әкеліп жей алады. Қазақстанда мектеп асханалары өздерімен бірге тамақ әкелетін оқушыларға жағдай жасауға міндеттелді. Олардың мектеп асханасыда арнайы тамақтанатын орны болады. Бұл үшін барлық қажет жағдай мен заттар қамтамасыз етіледі.