Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың telegram арнасына сілтеме жасап. Бес қабатты заманауи ғимаратта 5-17 жас аралығындағы жеткіншіктерге арналған 60-тан астам үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді.