Фото: akorda.kz Бүгін Римде WORLD BOXING конгресі өтуде. Бұл жиында халықаралық бокс ұйымының жаңа президенті сайланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады: – Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады
Жаңалықтар