Мемлекет басшысы Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Кездесуде ел бірлігін нығайту, қоғамдық құндылықтарды дәріптеу ісінде қаламгер қауымның атқаратын рөлі қарастырылды. Мемлекет басшысы Жазушылар Одағы ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ екенін айта келіп, ақын-жазушылардың халық әдебиетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қоғамның бірлігін нығайтудағы еңбегі зор екеніне назар аударды. Президенттің