Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті. Оның хабарлауынша, жиын барысында барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылып, егжей-тегжейлі талқылау өтті. Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту қажет екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде жұмысты ұйымдастырудың аса маңыздылығын атап өтіп, аталған салалардағы жағдайға талдау жасады. Президент азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне тоқталды. Мемлекет басшысы барша қоғамның мүддесі үшін Үкіметке Әділетті […]The post Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.
Жаңалықтар

































