Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz. Ақордаға сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына көңілдері толатынын айтты. Қазақстан Президенті екі мемлекет арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған үкіметтердің өзара жедел іс-қимылына оң баға берді.