Кірістің 79%-ы салықтан түсті. Биылғы қаңтар–сәуір айларында мемлекеттік бюджет кірісі 7,5 трлн теңгені құрады, бұл былтырғыдан 14,1% көп. Салыстыру үшін: 2022 жылдың алғашқы төрт айында көрсеткіш бірден 42,4% өсіп, 6,6 трлн теңге болған. Мемлекеттік бюджет кірістерінің басым бөлігі дәстүрлі түрде салықтық түсімдер болды: жалпы көлемнің 79,4%-ы немесе 6 трлн теңге, бір жыл бұрынғыдан 21,3% көп.