Алматы облысында емтихан тапсыруға келген оқушы қайтыс болды, деп хабарлады Azattyq Rýhy порталы. Қайғылы оқиға Талғар ауданының Еламан ауылында болған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, жасөспірім емтихан тапсыруға мектепке мопедпен келген. Алайда тоқтап үлгермеген 9-сынып оқушысы мектепке соғылған. Жанаргүл Күнсақалова басқаратын №41 мектептегі қайғылы оқиға бүгін орын алған. Ауыр жарақат салдарынан 15 жастағы оқушы оқиға орнында көз жұмған. «Мектепке […]