Аутист бала тәрбиелеп отырған Сандуғаш Шортанова Қостанайдағы аутист қыздың суға батып қаза болуы биліктегілерге сабақ болуы тиіс дейді. Ананың айтуынша, үкіметтен бөлінетін 104 мың теңгеге аутист баланың екі дәрісін ғана сатып алуға болады. Мен де аутист ұлымды Құдайдың құтты күні жоғалтып аламын. Әзірге, маған Құдай қарасып келеді. Жолға жүгіріп кетеді, дүкенге қашып кетеді, қасыңда тұрып,