Алдағы бес күнде ХҚКО-да кейбір мемлекеттік қызметтер уақытша істемейді. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы хабардар еткендей, мерекелік демалыс күндерінде ел азаматтары жылжымалы және жылжымайтын мүлікті рәсімдей алмайды. Сонымен қатар тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелу де тоқтайды. Бұл қызметтер тек мерекелерден кейін – 10 мамырдан іске қосылады. Қазір базадан Жылжымайтын мүлік деректерін Бірыңғай мемлекеттік кадастрға көшіру жүріп жатыр.