Елордалық мешіттің жүргізушісінің қомақты ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, мешіт ауласында орналасқан мейрамхана басшысы полицияға өтініш білдіріп, сейфтен көп ақша ұрланғанын айтады. Тергеу барысында мешіт қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен