Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің үстінен арыз жазды. Бұл туралы бұрынғы министр Елжан Біртанов пен оның орынбасары Әбішевке қатысты апелляциялық отырыста мәлім болды. Олжас Әбішев полицияға жауап алуға шақырылғандықтан соттан отырысты 25 қаңтарға ауыстыруды сұрады. Маған полициядан қоңырау шалып, қазіргі денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осы сотта айтылған материалдарға қатысты арыз