Петропавлдағы жағдайдан кейін еліміздің барлық мектебінде тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құруды тапсырды. Оның құрамына Балалар құқығын қорғау комитеті, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті, СҚО Білім басқармасының өкілдері кірді. Айта кететін жайт, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары