Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы ауа ластану мәселесін қысқа уақытта шешу мүмкін емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту үшін кешенді шаралар қолға алынғанымен, нәтиже бірден байқалмайды. Министр Қытай тәжірибесіне сүйеніп, ірі қалаларда көлікті экологиялық таза отынға кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Қазіргі таңда қоғамдық көліктің шамамен 70 пайызы баламалы...