Ranking.kz сайты тілді меңгеру деңгейі бойынша министрлердің рейтингін жасады. Қазақстанда 19 министрлік бар. Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тілде – қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді. Екінші орында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұр. Олардың әрқайсысы бес тілді меңгерген.