Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 9 тамызда Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, екі ел одақтастығын дамыту мен стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады. Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме барысында сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға баса назар аударылған. Екі ел басшылары алдағы шаралар кестесін қарап, жақында өтетін бірлескен үкіметаралық комиссия, өзбек-ресей аймақаралық, білім және медиа-форумдар өткізу жоспарын талқылады, деп