Келесі жылдан бастап банктер жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді салық органдарына береді. Комитеттің ақпаратынша, қазір кейбір кәсіпкерлер банктерде ашылған жеке шотына сатылған тауар, көрсетілген қызмет үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алады. Яғни бақылау-касса машиналары (БКМ) мен POS-терминалдарды қолданбайды, тиісінше клиентке чек бермейді. Салық органдары бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заңбұзушылық екенін еске салды.