Танымал орындаушы Остап Парфенов Алматыда ұлы дүниеге келгенін айтты, деп хабарлайды Press.kz. «Мужчина должен» және «Просто друг» әндерінің авторы алты айдан бері Алматыда тұрып жатыр. Әртіс Қазақстанға Ресейдегі мобилизациядан кейін келген. Әнші оған оңтүстік астанада өте ұнайтынын және мұнда белгісіз уақытқа қалуды жоспарлап отырғанын айтты. 20 жастағы Остап Парфеновтың артынан жүкті әйелі де ұшып келген.