Мобилизация жарияланғаннан кейін Қырғызстанға келген ресейліктерге босқын мәртебесі берілмейді. Бұл туралы парламенттің көлік, коммуникациялар, сәулет және құрылыс комитетінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды 24kg. Депутаттар екінші оқылымда «Азаматтық хал актілері туралы» заңға өзгерістер енгізуді талқылады. Министрлер кабинеті бастамашы болған құжаттың бастапқы нұсқасында Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін Қырғызстанға келген ресейліктерге босқын мәртебесін беру ұсынылды. Алайда бірінші