Фото: pixabay.com Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД) жасалған негізгі келісімдерді денонсациялау рәсімін бастады. Бұл елге ұйым құрамынан ресми түрде шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы Молдованың вице-премьері әрі сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді. — Біз ТМД-дағы мүшелігімізді айқындайтын үш негізгі құжатты денонсациялау үдерісін бастадық. Олар — ұйымның Жарғысы, ТМД-ны құру туралы келісім...