Моңғолия мектептерінің көбі биыл жаңа оқу жылынан бастап шет тілі пәні ретінде ағылшын тілін оқытуға көшеді деп хабарлады осы елдің білім министрлігі. Бұған дейін мектептерде шет тілі ретінде негізінен орыс тілі оқытылған, деп хабарлады Ulysmedia.kz порталы Азаттыққа сілтеме жасап.