Статистика бойынша, Алматыда мобильді көліктер қатысуы арқылы болатын жол-көлік оқиғасы 4 есе артты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Көктем, жаз кезінде Алматы полициясы жекелеген көлік түрлері қозғалысын қадағалауды күшейтеді. Бұл қаладағы жол-көлік оқиғаларына да әсер етеді. Мәселе альтернативті көлік туралы болып отыр, оның ішіне мопед, мотоцикл, скутер, самокат және тағы басқалары кіреді.