Елордада дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері митингке шығып, наразылық білдірді деп хабарлайды КТК телеарнасы. Олар жаңа оқу жылынан бастап қысқартуға ұшыраймыз ба деп үрейленіп отыр. Ал қарсылыққа себеп болған Оқу-ағарту министрлігінің жаңа бұйрығы. Онда жаңа оқу жылынан бастап дене шынықтыру сабағында ұлдар мен қыздар қосып оқытылады деп жазылған. Сәйкесінше сағат қысқарса, аталмыш пәннің ұстаздарына сұраныс төмендеуі мүмкін.