Соңғы күндері аттестаттаудан өте алмай, сағы сынған мұғалімдердің жанайқайы көбейді. Орал қаласының өзінде бір күнде сыннан өткен 50 педагогтің 49-ы сүрінген екен. Күніне 10 мұғалім тапсырса, олардың бірі ғана аман-есен өтеді. Қалғандарының өкініштен өзектері өртеніп, жылап шығып жатқандарын көріп жүрміз. Бұлардың көпшілігі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп жүрген тәжірибелі мамандар бола тұра, тиісті межеден көріне