2019 жылы Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойған еді. Бұл заңның қабылдануына елдегі мұғалімдердің құқығы жиі бұзылып, беделіне нұқсан келуі, төмен жалақысы мен ауыр жұмысы себеп болды. Аталған заң ұстаздар қауымының қоғамдағы абырой-беделін арттырып, әлеуметтік тұрғыдан қорғалуына бағытталды. Президенттің тапсырмасы: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең алдымен педагогтар мәртебесін арттыруымыз қажет. Яғни, бұл дегеніміз