Елімізде жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдарға қатысты жеке табыс салығының тәртібі жеңілдетілді. Жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл санаттағы азаматтар үшін салықтық шегерім көлемі ұлғайтылды. Бұл мәселе Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің отырысында талқыланды. Жиынға премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етті.