Бүгін елордада «Мұнара» рухани-танымдық газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті деп хабарлады turkystan.kz. Осымен екінші рет журналистер мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық шараның мақсаты – журналистермен тығыз байланыс орнатып, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. «Ақпарат саласы өкілдерін жинап турнир өткізуді былтыр қолға алған едік. Жыл сайын журналистердің төл …