Жаңаөзендегі дүрбелең және оның сауатты ұйымдастырылуы - осының режиссері кім деген сұраққа жетелейді. Себебі, жұмысшылардың штатқа алу бойынша заңды талабын енді саяси бағытқа бұрмалау әрекеттері басталды. Астанаға барған топ келісімге келсе де, «Өзенмұнайгазға» қарасты БЖБ мекемесінің жұмысшылары наразылық акцияларын жалғастырып, үлкен компанияның жұмысын тұралатып отыр, деп жазады Dala Inside. Бұл топтың лидері – Мұратбай Жұмағали.