Фото: ҚазАқпарат Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жүргізуші куәлігін алу тәртібін қатаңдату қажет екенін айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Оның пікірінше, қазір жолға дайындықсыз шығып жатқан жүргізушілер көбейген. Бұл өз кезегінде апат санын арттырып отыр. Депутат емтихан талаптарын күшейтіп, бақылауды нақтылауды ұсынды. Айтуынша, жолдағы қауіпсіздік ең алдымен жүргізушінің дайындығына байланысты.
Жаңалықтар