Қазақ халқында «мүшел жас» деген ұғым бар. Оған ерекше мән берген. Адамның өміріне байланысты ананың құрсағындағы мерзімді есептеп, бірінші мүшелді 13 деп алған. Одан кейінгі мүшел жас әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырған. Бұл мүшел жастың қандай қатері бар? Мүшел жас туралы не білу керек?