«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2022 жылдың 4-13 сәуір аралығында өтіп, логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмаларды қамтыды. Тестілеу онлайн форматта өткізілді. Ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алды. Екінші кезең 2022 жылдың 27-29 сәуір аралығында өңірлік тестілеу орталықтары базасында ұйымдастырылды. Екінші кезеңде қатысушылар математикалық …